Бибісара Асаубаева Монакодағы Гран-приде қандай нәтижелер көрсетуде

Сурет: Instagram/bibisarachess
20 ақпанға қараған түні FIDE Monaco-2025 әйелдер Гран-приінде екінші раундтық матчтар аяқталды, онда қазақстандық Бибісара Асаубаева титулды ресейлік Катерина Лагномен тең ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Монакодағы жарыс FIDE Гран-приінің үшінші кезеңі аясында әлемнің үздік 10 шахматшысының қатысуымен өтуде.

Жарыс аясында қазақстандық шахматшы әзірге екі партия ойнап, екеуінде де тең түсті.

Асаубаева алдымен испандық Сарасадат Хадемалшарьехпен ойнады, артынша ресейлік Катерина Лагноға қарсы ойында дәл сол нәтижені көрсетті.

Сурет: Instagram/fide_chess

Сонымен, дәл қазіргі уақытта қазақстандық әйелдер құрамасының көшбасшысы 1 ұпай жинап, 5-7 орын аралығына жайғасты.

Әзірге бірдей ұпаймен 4 қатысушы алғашқы орында, алайда алдағы турда бәрі өзгеруі мүмкін, өйткені шахматшылар арасындағы ұпай айырмашылығы аз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды