Тоқаев пен Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Сурет: akorda.kz
2025 жылы 21 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты. 

Сурет: akorda.kz

Бұған дейін Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келгенін, Президент мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алғанын жазғанбыз.

Молния
Түркістан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Бердімұхамедов Құрбанқұлы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз