Алматыда Орталық Азия мен Қытай СІМ басшыларының кездесуі өтті

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Алматыда "Орталық Азия – Қытай" форматындағы сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Қытай Сыртқы істер министрі Ван И, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов және Түрікменстан өкілі қатысты.

Кездесуде мынандай бірқатар маңызды жайттарға ерекше көңіл бөлінді:

Орталық Азияның Қытаймен өзара сыйластық пен теңдік қағидаттарында көпжақты өзара іс-қимылының архитектурасын жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды.

Тараптар қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге теңдестірілген көзқарастардың қажеттілігін атап өтіп, өзара тиімді даму жолындағы қадамдарды келісті.

Нұртілеу өз сөзінде өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін негізгі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту қажеттігіне назар аудара отырып, «Орталық Азия – Қытай» көпжақты форматын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

"Форматымыздың "Орталық Азия +" тетіктері арасында флагманға айналуы, ал көшбасшылардың алдағы кездесуі мәңгілік достық пен өркендеудің жаңа кезеңін ашуы үшін барлық жағдай жасалуда", – деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.

Отырысқа қатысушылар жаһандық сын-қатерлер жағдайында сындарлы диалогты жалғастырудың, байланыстарды дамытудың және басым бағыттар бойынша күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығына назар аударып, осы форматтағы тұрақты кездесулерге дайын екенін білдірді.

Іс-шара қорытындысы бойынша сыртқы істер министрлері Ақпараттық коммюникені қабылдады, онда "Орталық Азия – Қытай" форматы шеңберінде тату көршілік, орнықты даму және көпжақты өзара іс-қимылды тереңдету қағидаттарына ортақ міндеттеме бекітілді.

Қазақстан
Қытай
Нұртілеу Мұрат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі