Қазақстан мен Вьетнам президенттеріне арналған концертте Димаш та өнер көрсетті

Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, "Астана Опера" театрының сахнасында мәртебелі қонақтар мен елорда жұртшылығына Ханой филармония оркестрі, "Астана Балет" театрының симфониялық оркестрі, "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театрының хоры, сондай-ақ қазақ және вьетнам халықтарының белгілі мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.

Сурет: Ақорда

Өнер көрсеткен мәдени қайраткерлер арасында Димаш Құдайберген де болды.

Сурет: Ақорда

Бұған дейін Ақорда Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында Стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен мәлімдеменің толық мәтінін жариялаған болатын

Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті