Тоқаев Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптады

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2025 жылы 9 қыркүйекте хабарлады:

"Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді".

9 қыркүйекте Қатар астанасы Дохада бірнеше дүркін жарылыс болды. Израиль армиясы ХАМАС тобының жоғарғы басшылығына "тікелей соққы" жүргізгендерін растады. ЦАХАЛ мәлімдемесінде операцияның мақсаты 2023 жылдың 7 қазандағы шабуылға жауапты, Израильге қарсы іс-қимылдарды әлі де басқарушы адамдар болғандығы айтылады. Қатар ІІМ-нің ресми өкілі Израильдың бұл шабуылын айыптайтынын, әрі оны "қорқақтыққа" балайтынын айтты. 

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді