Президент: Атом саласындағы кадр әлеуетін күшейту Қазақстан үшін аса маңызды сипатқа ие

Сурет: Ақорда
"Қазақстан "Росатом" бастаған халықаралық консорциумның қатысуымен бірінші атом электр стансасының құрылысына кірісті". Бұл туралы Мәскеуден Оралдағы XXI Қазақстан – Ресей өңіраралық форумның пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы шыққан Мемлекет басшысы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Технологиялық әрі ғылыми тұрғыдан күрделі бұл жобаны табысты жүзеге асыру жоғары санатты кәсіби мамандарға тікелей байланысты. АЭС құрылысына алты мыңға жуық жұмысшы және үш мыңнан астам орта буын маманы жұмылдырылады. Сонымен қатар бейінді мамандарға сұраныс жоғары болатыны сөзсіз. Сондықтан атом саласындағы кадр әлеуетін күшейту Қазақстан үшін аса маңызды сипатқа ие", - деді бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстан бұл мәселені шешуде ресейлік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін де нақтылай кетті.

"Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті филиалының ашылуы – соның айқын дәлелі", - дейді президент.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандық иелері екі елдің экономикалық өрлеуіне орасан зор үлес қосатынына назар аударған болатын.

Ресей
Қазақстан
Путин Владимир
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы