Тоқаев жұмысшы мамандық иелері екі елдің экономикалық өрлеуіне орасан зор үлес қосатынына назар аударды

Жұмысшы мамандық, Қасым-Жомарт Тоқаев, Орал, форум, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2025 18:13 Сурет: pixabay
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандық иелері екі елдің - Қазақстан мен Ресейдің экономикалық өрлеуіне орасан зор үлес қосатынына назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

"Биыл Қазақстанда "Жұмысшы мамандықтарының жылы" болып жарияланды. Көп ұзамай бұл жұмысты қорытындылаймыз. Жұмысшы мамандықтарын жан-жақты қолдауға, олардың қоғамдағы беделін арттыруға және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауға бағыт алдық. Аталған бағыттарға дәйекті түрде инвестиция салатын елдер инновация мен орнықты дамуда көш бастайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект, өндірістік процесті жаппай цифрландыру және автоматтандыру жаһандық еңбек нарығын түбегейлі өзгертіп жатқанына назар аударды.

"Өркениет көші ілгерілеген сайын еңбеккерлерді түрлі интеллектуалдық жүйелер мен цифрлық платформаларды басқара білуге міндеттейді. Мамандардың жоғары біліктілігі мен заманауи дағдыларды меңгеруі елдеріміздегі өнеркәсіп өсімі мен технологиялық жаңғыруға негіз болады. Мұны бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан кәсіби кадрларды даярлау үшін жүйелі шаралар қабылдаймыз", - деді Мемлекет басшысы.

Бұл ретте Президент жақында елімізде жасанды интеллектіні техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізудің тұжырымдамалық негізі бекітілгенін жеткізді. 

Бұған дейін Тоқаев пен Путин екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгені белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: