Журналист Өзбекстанда жүрген Тоқаевтың аяқкиіміне назар аударды

Журналист Тоқаевтың аяккиіміне назар аударды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2022 17:55 Сурет: akorda.kz
Журналист Әділ Балтабаевтың сөзінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға отандық аяқкиім киіп барған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы журналист өзінің Telegram-дағы каналында жазды.

"Айтпақшы, Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өнімге бірінші рет басымдық беріп отырған жоқ".Әділ Балтабаев

Журналистің айтуынша, мемлекет басшысы еліміздің аймақтарына жұмыс сапарымен барған кезде де отандық аяқкиімді киіп жүрді.

2019 жылдың тамыз айында Қазақстан президенті Twitter-де отандық өнімді қолдау үшін жас кәсіпкерден бір жұп аяқкиім сатып алғанын жазған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 21 желтоқсанда Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Ташкенттегі халықаралық әуежайда мемлекет басшысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қарсы алды.

Сол күні Қазақстан президенті Янги Өзбекстан саябағында орналасқан Тәуелсіздік монументіне гүл қойды, сонымен қатар Өзбекстан басшысының резиденциясындағы құрметті қонақтар аллеясына ағаш екті.

22 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкенттегі Төле би кесенесіне барып, Шавкат Мирзиеевпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: