Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысын "Ташкент-Хумо" әуежайынан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев шығарып салды", деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі 2025 жылы 16 қарашада.

Сурет: Ақорда

Сурет: Ақорда

Қазақстан президентінің Өзбекстандағы мемлекеттік сапары үш күнге созылды.

Сурет: Ақорда

Айта кетсек, 2025 жылғы 14 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке ресми сапармен барған болатын. 15 қарашада Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен келіссөз жүргізді.

Тоқаев пен Мирзиеев Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты. Президенттер келіссөздердің және Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады

16 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 16 қарашада Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты. Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері басшылары бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды.

Өзбекстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Мирзиеев Шавкат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды