Қазақстан Республикасы Президентінің сөйлеген сөзін Ақорда жариялады.
"Қазақстан көмірдің орасан зор қорына ие – шамамен 33 млрд тонна. Қазіргі тұтыну деңгейін ескерсек, көмір қоры 300 жылға жетеді. Жыл сайынғы өндіру көлемі 110 млн тоннадан асады, бұл елімізді әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына шығарды. Көмір – біздің стратегиялық активіміз, оны қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін толық бейтараптандыратын ең жаңа технологияларды қолдана отырып, барынша тиімді пайдалану қажет. Айтпақшы, президент Трамптың: "Маған көмір ұнайды, маған жел ұнамайды" деген сөзі дұрыс. Мұнда рационалды ой бар", – деді Тоқаев.
Сондай-ақ ол көмір генерациясын дамытуға Ұлттық жоба мәртебесін беру қажет екенін айтып, Үкіметке бұл мәселені 20 наурызға дейін шешуді тапсырды.
Бұған дейін Тоқаев Ұлттық құрылтайға қатысушыларды реформаларға қосқан үлесі үшін марапаттағаны хабарланған.