Тоқаев Ердоғанның шақыртуын ықыласпен қабыл алды

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті. Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 27 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Түркия президенті аталған тарихи уақиға еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі өркендеуіне септігін тигізеді деп санайды. Бұл ретте ол парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев жылы лебіз білдіргені, сондай-ақ халықаралық ұйымдар құрамындағы түркиялық байқаушылар миссиясының белсенділігі үшін Түрік көшбасшысына алғыс айтты. Мемлекет басшысы елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар озық, заманауи әрі әділетті Қазақстан құруға бағытталғанына назар аударды. Әңгімелесу барысында мызғымас достық пен кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухындағы екіжақты қарым-қатынастың даму қарқынына оң баға берілді".

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентінің биыл мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың маңызына тоқталғаны, тараптар алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылағаны да нақтыланады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның биыл Түркияда өтетін жоғары деңгейдегі бірқатар кездесуге шақыруын ықыласпен қабыл алды", делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Сицзан автономды ауданында болған жойқын селдің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Түркия
Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қыркүйек қарсаңында пәтер жалдау қымбаттады: Алматы мен Астанадағы бағалар қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту қаншалықты өзекті екеніне тоқталды

"Әділет" партиясынан Құрылтай құрамына кімдер кіретіні белгілі болды