Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқының қолдауын жоғары бағалайтынын айтты

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқан Ресей президенті Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Президент ел басына түскен осындай ауыр сәтте Ресей басшысы мен халқының шынайы жанашырлығы мен қолдауын Қазақстан жоғары бағалайтынын атап өтті.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілерді Каспий теңізіне ағызып әкеткен. Олар теңіз жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап жатқанда ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген.

Алғашында теңізге 19 әскери қызметшіні ағызып әкеткені хабарланған еді. Кейін Маңғыстау облысының әкімдігі бұл мәліметті нақтылап, олардың саны 17 екенін мәлімдеді.

Қазіргі мәлімет бойынша, 12 әскери қызметші қаза тапқан, үшеуі құтқарылған. Құтқарылғандардың бірі ауруханада жатыр. Қалған әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.

Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табу себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Оны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.

Ресей
Қазақстан
Путин Владимир
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды