Қарин: Соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі сақталып отыр

Сурет: akorda.kz
Ақордада вице-президент Ерлан Қариннің төрағалығымен Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиын қорытындысы бойынша Мемлекет басшысына 255 адамды Қазақстан азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізіледі.

Сондай-ақ комиссия 43 адамның азаматтықтан бас тарту туралы өтінішін қанағаттандыруды ұсынбақ.

Вице-президенттің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі сақталып отыр.

Атап айтқанда, кейінгі 8 жылда Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтініштер саны шамамен 40 есеге жуық азайған. Бұл өз кезегінде еліміздегі әлеуметтік оптимизм деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, төлқұжатымыздың беделі жылдан жылға нығайып келеді. Бұл Қазақстанның тартымдылығының арта түскенін білдіреді. Түрлі индекстердің деректеріне сәйкес, Қазақстан төлқұжаты өңірде ең таңдаулы саналады. Азаматтарымыз әлемнің 80-ге жуық еліне визасыз қатынай алады", – деді Ерлан Қарин.

Сонымен қатар Қазақстан азаматтығы шетелдің ІТ, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, инвесторлар, ғылымдар мен мәдениет қайраткерлері үшін тартымды бола түсуде.


"Еліміздің азаматтығы президенттің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда жүзеге асырған реформаларының нәтижесінде осындай беделге ие болды. Сондай-ақ бұл Мемлекет басшысы жүргізіп отырған халықаралық ынтымақтастық саясатының жемісі екені анық", – деді Ерлан Қарин.

Бұған дейін

Астана
Қарин Ерлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады