Путин Майамидегі G20 саммитіне бара ма? Трамп не деді

Сурет: Telegram/news_kremlin
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуына мүмкіндік бар екенін растады. Кремль Путиннің сапарына қатысты шешім әлі қабылданбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің 2026 жылғы 27 қарашада жазуынша, Трамп Путиннің "Үлкен жиырмалық" саммитіне келер-келмесін білмейтінін айтқан.

"Білмеймін. Бірақ келгісі келсе, әрине, келе алады", – деді Дональд Трамп Мар-а-Лагода өткен іс-шарада.

Бұдан бір күн бұрын, 26 қарашада, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің G20 саммитіне қатысуы жөнінде әлі шешім қабылданбағанын хабарлады. Бұған дейін Путин Майамиге өзі барса да, бармаса да, Ресейдің саммитке жоғары деңгейде қатысатынын айтқан.

Путиннің сөзінше, оның АҚШ-қа бару-бармауы Ресейдегі жағдайға байланысты.

"Мен, ең алдымен, елдегі жағдайды ескеруім керек. Шетелге тым жиі шығу үнемі қолайлы бола бермейді. Қалай болғанда да, осы шақыруы үшін оған (Дональд Трампқа – ред.) ризамын", – деді Владимир Путин 19 қарашада Шэньчжэньде өткен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті аясында.

2026 жылғы 13 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дональд Трамптың шақыруымен Майамидегі G20 саммитіне қатысатыны белгілі болды. Ал 27 қазанда АҚШ президенті Қазақстан басшысына жеделхат жолдады.

"Желтоқсанда G20 саммитінде Сізбен кездесуді асыға күтемін", – деп жазды Трамп.

G20 саммиті 2026 жылғы 14–15 желтоқсанда Майамидегі Trump National Doral Miami гольф-клубының аумағында өтеді. Бұл "Үлкен жиырмалық" елдері басшыларының 21-ші кездесуі болмақ.

Ресей
АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға жәрдемақы төленеді: регламентке өзгерістер енгізілді

Құрылтайда шекара маңындағы аумақтарды дамыту туралы заң жобасы таныстырылды

Қазақстанда қырғызстандық студенттерді заңсыз криптовалюта операцияларына тартқан

Бас прокуратура мәслихат сайлауы қарсаңында мәлімдеме жасады

Тоқаев AI Journey 2026 халықаралық жасанды интеллект конференциясында не айтты