Димаш Құдайберген Қостанайдағы өрт туралы айтты

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Қазақстандық әнші және композитор Димаш Құдайберген 6 қыркүйек күні әлеуметтік желіде Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмектесуге уәде берген жазбасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қостанайдағы жағдай барлығымыздың қабырғамызды қайыстырды…Еліміз аман болсыншы… - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасына.

Димаш осындай қиын-қыстау кезеңде еліне, халқына көмектесуге әзір екенін жеткізді. Ол қазақстандықтарды біріге көмектесуге шақырды.

Осы залалдан зардап шегіп жатқан ағайындарға қолдан келгенше көмектесуге дайынмын. Бірлігімізді дәлелдеп, бауырларымызға қол ұшын беруге ат салысайық, жігіттер!Димаш Құдайберген

Айта кетейік, 23 қыркүйек күні Алматыда Димаш Құдацбергеннің жеке ән кеші өтеді.

2 қыркүйекте Қостанай облысының екі орман шаруашылығының аумағында өрт шықты, оның аумағы 4 қыркүйекте 43 мың гектардан асты.

Бірнеше ауданның тұрғындары эвакуацияланды. Өрт салдарынан 11 адам зардап шекті, біреуі қаза тапты. Төтенше жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапарымен барып, Әулиекөл ауданындағы дала өрттерін жою жұмыстарының барысын бағалады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильиннің айтуынша, өрт алдағы екі күнде оқшауланады.

Қазақстан
Шоу-бизнес
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін