"Кальмар ойыны" ең үздік сценарий үшін "Эмми" сыйлығын жеңіп алды

Сурет: Instagram/kimjooryoung
Оңтүстік Кореяның "Кальмар ойыны" телехикаясы Эмми сыйлығын жеңіп алды. Бұл туралы АҚШ киноакадемиясының сайтында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лос-Анджелесте 74-Primetime Emmy марапаттау рәсімі өтті. "Кальмар ойыны" телехикаясының продюсері, сценарисі және режиссері Хван Донг Хюк "Драмалық сериал" жүлдесі үшін "Үздік режиссер және сценарий" номинациясын жеңіп алды.

Екі негізгі номинацияда – "Үздік драмалық сериал" және "Үздік комедиялық сериал" бойынша "Ұрпақтар" және "Тед Лассо" сериалдары жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар "Кальмар ойыны" актеры Ли Джонг Джэ "Драмалық сериалдағы үздік ер адам рөлі" номинациясында "Эмми" сыйлығын жеңіп алды.

Оған қоса Джейсон Бейтман (Озарк), Брайан Кокс пен Джереми Стронг (Мұрагерлер), Боб Оденкирк (Better Call Saul) және Адам Скотт (Separation) сияқты актерлар жүлдеге таласқан еді.

АҚШ
Шоу-бизнес
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Қазақтың алғашқы әйел дәрігері Аққағаз Досжанова туралы не білеміз

Қазақстан үкімет отырысын өткізудің жаңа форматына көшті