Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады

Baq.kz
Елеусінов наурыз айының басында кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысты.

Олимпиада ойындарының чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінің қашан және қайда өтетіні жөнінде ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Менің келесі жекпе-жегім 6 маусымда Лондон қаласындағы «Йорк Холлда» өтеді. Бұл менің Ұлыбританиядағы дебюттік кездесуім болады», - деген өзінің Instagram-дағы ресми аккаунтында.

Алайда қазақстандық боксшының қарсыласы әзірге белгісіз. Жекпе-жек алты раундқа созылады.

Айта кетсек, Елеусінов наурыз айының басында кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды.

Ол 29 сәуірде өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласы Ноа Киддті нокаутқа түсірді. Елеусінов - Ноа кездесуі алты раундқа есептелген болатын, алайда үшінші раундта аяқталды. 27 жастағы қазақстандық қарсыласын нокдаунға түсіріп, кейін соққысын үдетті. Екінші нокдауннан кейін рефери есеп алып, Елеусіновке техникалық нокаутпен жеңісті берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді