Левит-Тищенко даулы жекпе-жегіне қатысты қорытынды шешім шықты

kaz.vesti.kz
ХОК Бразилияда өткен 2016 жылғы Олимпиадада төрешілердің тарапынан жекпе-жек нәтижелерін шығаруында жемқорлық немесе айла-шарғы жасау деректері расталмағанын мәлімдеп отыр.

Халықаралық Олимпиада комитеті Левит - Тищенко даулы жекпе-жегіне қатысты соңғы әрі нақты шешім шығарды. Ұйым президенті Томас Бах AIBA-ның (Олимпиада боксының халықаралық ассоциациясы) Лозаннадағы атқару комитетінің отырысы қорытындысы бойынша жұмысын жоғары бағалады. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

ХОК Бразилияда өткен 2016 жылғы Олимпиадада төрешілердің тарапынан жекпе-жек нәтижелерін шығаруында жемқорлық немесе айла-шарғы жасау деректері расталмағанын мәлімдеп отыр.

"ХОК AIBA-ның түбегейлі өзгеріс енгізу жолындағы ынта-ұмтылыстарына қолдау көрсетеді. AIBA жаңару жолында айтарлықтай дами түсті. Терең өзгеріс енгізу үшін уақыт қажет екенін түсінеміз және AIBA-ға уақыт беріп, барлық қажетті көмекті аямаймыз", - деді Бах.

Еске салайық, Василий Левит 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған. Кейін бұл кездесу нәтижесіне наразы болғандар көбейген. Бұл Олимпиада ойындарында ресейлік боксшы Владимир Никитин мен ирландиялық Майл Конлан арасындағы кездесу де даумен аяқталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды