Қазақстандық мергендер Гран-при кезеңінде төрт медаль жеңіп алды

Нысана көздеу, Шымкент, Гран-при кезеңі, алтын медаль, күміс медаль, қола медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2026 20:30 Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Шымкентте нысана көздеуден және стенд атудан Гран-при кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық құрама турнир аясында нысана көздеуден төрт медаль жеңіп алды: екі алтын, бір күміс және бір қола.

Ересектер арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден Кирилл Цуканов 244.4 ұпай еншілеп, алтын медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасында дәл осы сайыста Ирина Юнусметова 242,5 ұпай еншілеп, алтын тұғырға көтерілді.

Жасөспірім қыздар арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден Алисса Краденова 232.1 ұпаймен күміс медальға қол жеткізді. Ұлдар арасында Руслан Ершов 213.9 ұпаймен үшінші орынға жайғасып, қола жүлдеге ие болды.

Бұған дейін дзюдошы Шүкірбеков Пара Азия ойындарында Қазақстан қоржынына оныншы алтын медальды салғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: