Қазақстандық мергендер Чехиядағы Гран-приде екі медаль жеңіп алды
Сурет: Instagram/qaz_team_official
Чехияның Пльзен қаласында нысана көздеуден Гран-при жарысында ел қоржынына 2 медаль түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 10 метр қашықтықта жылжымалы нысанаға көздеуден командалық сында әйелдер арасында Зухра Ирназарова, Александра Садуақасова мен Фатима Ирназарова үштігі күміс жүлде иеленді.
Сондай-ақ дәл осы бағдарламада еліміздің ерлер құрамасы, Даниил Яковенко, Асадбек Назиркульев, Андрей Худяков қолаға қол жеткізді.
Әлемдік додаға 23 елден 550 спортшы қатысып жатыр.
Айта кетейік, бұл біздің мергендеріміздің алғашқы марапаттары емес. 3 мамырда оқ атудан Қазақстан құрамасының өкілдері Эльдар Иманқұлов пен Валерий Попелова Бакуде (Әзірбайжан) Әлем Кубогы кезеңінде екінші орын алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

