Қазақстандық мергендер Әлем Кубогынан "күміс" жеңіп алды
Сурет: Instagram/qaz_team_official
Нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілдері Бакуде (Әзірбайжан) Әлем Кубогы кезеңінде екінші орын алды. Елдар Иманқұлов пен Валерия Попелова күміс медальдарға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық мергендер аралас командалар арасында пневматикалық тапаншадан (10 метр) атудан жарыста "күміс" алды.
Финалда қазақстандық жұп Түркиядан келген Симал Йылмаз бен Исмаил Келестен жеңіліп қалды. Тұғырдың үшінші сатысында қытайлық спортшылар, Әлем чемпиондары-Ли Хуэ мен Ю Хие болды.
Бакуде ел намысын қазақстандық 21 спортшы қорғайды, олар үшін бұл жарыстар рейтингтік болып саналады.
Сонымен қатар, біздің стендтік ату командасының өкілі Эдуард Ещенко Дохадағы (Катар) іріктеу турнирінде жақсы өнер көрсетті. Осы жарыстар барысында ол Париждегі 2024 Олимпиада ойындарына қатысуға квота алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript