Бибісара Асаубаева қыздар арасындағы шахматтан әлемдік рейтингте көш бастап тұр

Сурет: Instagram/bibisarachess
Польшадағы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткеннен кейін Бибісара Асаубаеваның рейтингі біршама көтерілді. Қазақстандық шахматшы блиц-шахматтан әлем чемпионы және рапид бойынша вице-чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бибісара Асаубаева 20 жасқа дейінгілер арасында халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) әлемдік рейтингтің бірінші қатарына бір-ақ көтерілді.

17 жастағы қазақстандық осы жас тобында классикалық шахматтан үшінші орын алды.

Әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте Бибісара Асаубаева блиц-шахматтан 10-орын, рапид бойынша 19-орын, классикалық шахматта 33-орын алды.

20 жасқа дейінгі қыздар арасында блиц және рапид бойынша рейтингте қазақстандық спортшылар Меруерт Камалиденова, Әсел Серікбай, Назерке Нұрғали, Лия Құрманғалиева, Ксения Балабаева, Әмина Қайырбекова, Алуа Нұрманованың да есімдері аталады.

30 желтоқсанда Асаубаева ресейлік Александр Горячкинді жеңіп, блиц бойынша әлем чемпионы атанды. Әлем чемпионаты Варшавада 25-30 желтоқсан аралығында өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады