Мексикада UFC шебері Олег Тактаров соққыға жығылды

Сурет: zakon.kz
Олег Тактаров жергілікті қонақүйдің күзетшісімен сөзге келіп қалған қызға ара түсемін деп таяқ жеген, деп хабарлайды Zakon.kz

Спорт журналисі Александр Лютиков болған оқиғаны жайып салды.

Мен адамдарды қорқытып-үркітуді доғаруды өтіндім, ал қандай да бір басқа талаптары болса, менімен сөйлесулерін сұрадым. Қалғандары үйіне тарқассын дедім. Артымнан келіп бастан ұрды, меніңше, бұл бейсболь таяғы болуы керек. Ішкі гематома бар. 10 шақты адам үстімде секіріп жүрген шығар. Тұншығып жатып есімді жинадым, жейдем мұрнымда болды, қатты тыныстағым келді, мені ұрып жатты. Олег Тактаров

UFC ардагерінің айтуынша, оның қол-аяғын байлап-матап тастаған. Ол өзіне қандай да бір супермафиялық құрылым құрық салды деп санайды. Құдай сақтап, полицейлер төбе көрсетуі Тактаровты аман қалуына мүмкіндік туғызған.

Олег Тактаров - UFC промоушендегі алғашқы ресейлік чемпион. Спорттық мансабынан кейін Олег киноиндустрияға бет бұрған.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді