Қазақстандық екі спортшы ушудан Азия ойындарының жартылай финалына өтті
Сурет: olympic.kz
Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында ушу-саньдадан ширек финалдық бәсекелер аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абдурашид Абдуллаев 75 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Непал өкілі Санджив Махарджанмен кездесті.
Отандасымыз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша ол жартылай финалға өтті.
Сондай-ақ 70 келіге дейінгі салмақта Әлижан Аблағатов қарсыласының жекпе-жектен бас тартуына байланысты жеңімпаз атанды. Айта кетейік, жартылай финал 23 қыркүйекте өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript