Рахмонов UFC-дегі жеңісін қаңтар оқиғаларының құрбандарына арнайтынын мәлімдеді

Лас-Вегастағы UFC Vegas 47 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахманов (14-0) Гайана өкілі Карлстон Харристы (17-4) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл - жеңіліп көрмеген жерлесіміздің Ultimate Fighting Championship (UFC) турниріндегі үшінші жекпе-жегі.

Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, ол бірінші раундта-ақ аяқталды.

Рахманов Харристы айналып келіп, теуіп құлатты. Нокдаун орын алды. Осыдан кейін қазақстандық қарсыласын жатқызып алып, төпештей бастады, сол кезде нокаут тіркелді.

Рахмоновтың бұл - UFC-дегі үшінші жекпе-жегі әрі үшінші жеңісі. Бұған дейін "Номад" бразилиялық файтерлер Алекс Оливейр мен Мишель Празеристі ұтып кеткен. Сонымен қатар бұл оның кәсіпқой төбелестегі 15-ші жекпе-жегі әрі 15-ші жеңісі. Харрис үшін бұл UFC-дегі ең бірінші және 17 рет жеңіске жеткен мансабындағы бесінші жеңілісі болды. Сондай-ақ бұл оның мансабындағы уақытынан бұрын екінші жеңілісі.

Бұл Рахмоновтың UFC турнирінің басты кардасында өткен алғашқы жекпе-жегі болды.

Жекпе-жектен кейін қазақстандық өз жеңісін Қазақстандағы қаңтар оқиғаларының құрбандарына арнайтынын мәлімдеді.

АҚШ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: