Паралимпиада-2022 ойындарына Ресей мен Беларусь спортшылары жіберілмейді

Сурет: paralymp.ru
3 ақпанда Халықаралық паралимпиада комитеті Ресей мен Беларусь спортшыларын Бейжіңде өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына қатысу құқығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ХПК бұрынғы шешімін қайта қарап, Ресей мен Беларусь спортшыларына 2022 жылы Бейжіңде өтетін Паралимпиада ойындарына бейтарап тумен қатысуға тыйым салды.

ХПК баспасөз қызметінің хабарлауынша, басқа елдердің ұлттық комитеттері, командалары мен спортшылары жарыста Ресей және Беларусь елдерінің саңлақтарымен бәсекелесуден бас тартып, Олимпиада қалашығындағы жағдай одан әрі шиеленісіп кеткен.

Өз кезегінде Ресей Паралимпиада комитеті ХПК-ның бұл шешімі мүлдем негізсіз және ол паралимпиадалық ұжымның негізгі қағидаларының бірі – мүгедектер спортының саясаттан тыс сипатына қайшы келеді деп санайды.

Ресей
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды