Қазақстандық атлет допингке байланысты 2016 жылғы Олимпиада «алтынынан» айырылды

Сурет: pixabay
Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін спорттан сегіз жылға шеттетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2016 жылғы Олимпиада чемпионы қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін алтын медалынан айырылып, сегіз жылға спорттан шеттетілді, делінген Спорттық арбитраждық сотының (CAS) ресми сайтында.

Спорттық арбитраждық соттың мәліметінше, Рахимовтың 2016 жылдың 15 наурызынан 2021 жылдың 18 қаңтарына дейінгі қол жеткізген барлық нәтижелері жойылады. 2021 жылдың қаңтарында халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) спортшыны допингке қарсы ережелерді бұзды деп айыптады.

Сот төрешісі қазақстандық ауыр атлетті несептің төрт үлгісін алмастырғаны үшін кінәлі деп таныды, бұл Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) допингке қарсы ережелерінің 2.2-бабын бұзу болып табылады, осыған байланысты спортшыны спорттан сегіз жылға шеттетеді. Спорттық арбитраждық соты
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек