Ауыр атлетика федерациясы Рахимовтың допинг дауына қатысты пікір білдірді

ҚР Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов қазақстандық спортшы Нижат Рахимовтың допинг дауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске салсақ, 2022 жылғы 22 наурызда спорт төрелік сотының (CAS) допингке қарсы департаменті 2021 жылғы тамызда өткен тыңдау қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы Нижат Рахимовтың допинг мәселесіне қатысты ісі туралы шешім шығарды.

Осы шешіммен ауыр атлет Нижат Рахимов тыйым салынған әдісті қолданғаны үшін кінәлі деп танылып, 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап сегіз жылға спорттан шеттетілді, 2016 жылғы 15 наурыздан бастап спорттық нәтижелердің күші жойылды.

Әрине, мұндай шешім біз үшін күтпеген жағдай болды, өйткені тыңдау барысында Н. Рахимовтың адвокаттарының дәлелдері сенімді болды және тыңдау сәтінен бастап, бұл алты айдан астам уақыттың ішінде спортшының атына да, федерацияға да қосымша сұраулар мен түсініктемелер түскен жоқ.ҚР Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов

Айта кету керек, бұл үкім бірінші инстанцияның шешімі ғана, тыңдау бір төрешінің қатысуымен CAS допингке қарсы департаменті деңгейінде өтті.

ҚР ААФ допингтің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады, алайда бұл жағдайда халықаралық федерация мен сол кезде допинг бақылауды жүзеге асырған органдарға да қатысты бірқатар сұрақтар бар.ҚР Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов

Федерация өкілі CAS допингке қарсы департаментінің шешімін аппеляцияға беруге және Рахимовты қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Нижат Рахимовтың өзі де пікір білдіріп, соттың бұл шешімімен келіспейтінін, қарсы шағымданатынын хабарлаған еді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: