Жаңалықтар тізбегі
0

Алтын медальдан айырылған Нижат Рахимов осы жайтқа қатысты пікір білдірді

Ауыр атлетика, Олимпиада, алтын медаль, Спорттық арбитраждық сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2022 11:15 Сурет: olympic.kz
2016 жылғы Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов Спорттық арбитраждық соттың оны медальдан айыру және сегіз жылға дисквалификациялау туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 наурызда Спорттық арбитраждық соттың (CAS) шешімімен қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін алтын медалінен айырылып, сегіз жылға спорттан шеттетілді.

Достар, көктемгі Наурыз мейрамы күндері мені CAS допингке қарсы департаментінің 2016 жылы алған сынамаға қатысты шешімі еңсемді түсірді. Өткен жылдың тамыз айында өткен сот отырысында бұл жағдайға қатысым жоқ деген уәжімді арбитрдің қабылдамай тастағанына қатты өкініп отырмын, деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, бұған қоса, арбитр тарапынан сынама алған және осы процеске жауапты адамдардың әрекетіне дұрыс баға берілмеген.

Сүттен ақ, судан таза еместігін уақыт дәлелдеп берген сол адамдарға, олардың басшыларына шара қолданылуы керек! Мұның бәрі көптеген сұрақ тудырады. Ол сұрақтар әзірге жауапсыз қалып отыр. Сондықтан мен бұл шешіммен мүлдем келіспеймін! Ең сорақысы, Олимпиада ойындары кезінде тапсырған сынамама еш күмән болмаса да, менен, бүкіл Қазақстан халқынан басты марапат – Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының алтын медалін тартып алмақ. Сондықтан мен бұл шешімге қарсы шағым түсіремін.Нижат Рахимов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: