Қазақстандық параканоэшылар Азия чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Сурет: paralympic.kz
2022 жылғы 24-28 наурыз аралығында Паттайя (Тайланд) қаласында параканоэ спорт түрінен Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 12 мемлекеттен 47 спортшы қатысты. Қазақстан тарапынан 4 спортшы бәйгеге түсіп, 3 алтын 2 қоланы қанжығаға байлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық пара каноэ ұлттық құрамасы үшін Азия чемпионаты жоспардағыдай өте жоғары деңгейде өтті. Жарыста Спатай Бибарыс пен Богатырев Максим өздері үшін жаңа VL (аутригер) санатында өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Бұған дейін еліміздің спортшылары тек KL (байдарка) санатында қатысатын. Жарыстың қорытындысы бойынша спортшыларымыз Ханчжоу-2022 Пара Азия ойындарына жолдама алды.ҰПК құрама басшысы Ерсұлтан Жолшиев

ҰПК құрама басшысы параспортшылардың алдағы жоспарын да ортаға салды. Оның айтуынша, олар тамызда Канада елінде өтетін Әлем чемпионатына және қазанда Ханчжоу қаласында өтетін Пара Азия ойындарына қатысады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі