Чемпиондар лигасындағы жеңісі үшін «Реал» 132 миллион доллар сыйақы алады

УЕФА осы маусымдағы үш еурокубокқа: Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасына жалпы сомасы 2,732 миллиард евро бөлді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бес ойында жеңіске жеткен "Реал " 132,8 млн доллар (57,7 млрд теңге) табыс тапты, деп хабарлайды Marca.

Финалда "Реал" командасы ағылшынның "Ливерпулін" 1:0 есебімен ұтты. Бұл - бас еурокубоктағы испан клубының 14-ші жеңісі.

УЕФА осы маусымдағы үш еурокубокқа: Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасына жалпы сомасы 2,732 миллиард евро бөлді.

Оның 2,03 млрд евросы Чемпиондар лигасы мен УЕФА Суперкубогында өнер көрсеткен клубтарға бөлінеді. 465 миллион Еуропа лигасының қатысушыларына, ал 235 миллион Конференциялар лигасына қатысқан клубтарға бұйырады.

Әр команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне қатысқаны үшін 15,64 миллион евро алады. Сонымен қатар, әр жеңіс үшін 2,8 миллион евро, ал осы кезеңде тең түскендер үшін 930 000 евро төленеді.

Сонымен қатар УЕФА соңғы 10 жылдағы жетістігін ескере отырып, әр команданың коэффициенті бойынша бөлу үшін 600,6 миллион соманы резервке қалдырады. Ең төменгі коэффициенттегілер 1,137 миллион алады, ал ең жоғары коэффициентітегілер - 36,38.

Коэффициенттердің ағымдағы рейтингісінде бірінші орында "Реал" тұр, одан кейін "Бавария", "Барселона" және" Атлетико" өкшелеп келеді.

Еуроодақ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: