Алматылық зейнеткер 80-ге таяғанда пауэрлифтингтен Азия чемпионы атанды

Сурет: видеодан скриншот
75 жастағы Светлана Казанцева пауэрлифтингтен ардагерлер арасындағы Азия біріншілігінде қоссайыста 165 келі салмақты еңсеріп, Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

69 жасында спортқа бет бұрып, 75 жасында жеңіске жеткен алматылық Светлана Казанцева спортпен шұғылдану ешқашан кеш еместігін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп жазды 24.kz.

Светлана Казанцева спортқа ойламаған жерден келген.

Жон арқам тырысып, тіпті әрі-бері жүруімнің өзі қиындап кеткен соң қызыма бар жағдайымды айттым. Ол өзі спортшы болатын. Жаттығуына шақырды. Дәрігерге барғанша бой жазып спортпен шұғылданып көр деді. Міне, бәрі содан басталды. Ардагер спортшы Светлана Казанцева

Қарт спортшының жаттықтырушысы Иван Давыденко спортқа деген қызығушылығы күн санап артқанын айтады.

Буын-буындары ауырып келген соң басында көп қинаған жоқ едік. Уақыт өте келе нәтижесі жақсара берді. Жарысқа қатыссам деген ниетін білдірді. Күнделікті құлшынысын көріп, қалай жоқ дейін. Тәуекел дедік. Спорт жаттықтырушысы Иван Давыденко

Адрагер спортшының ендігі арманы – әлемдік шыңды бағындыру.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз