Стэнли кубогы финалының шешу сәті таяп келеді. Әзірге «Колорадо» 3:1 есебімен алда. 25 маусымда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 6:00-де өтетін бесінші матч «Тампа» үшін жарыста қалудың соңғы мүмкіндігі болуы ғажап емес. Ойын «көшкіннің» өз алаңында, Денверде өтеді, бұл жағдай «найзағайға»қиындық туғызары анық. Дегенмен, сарапшылар өткен жылдың чемпионын әзірге есептен шығаратын емес. Олардың басым бөлігі «Тампа» тығырыққа тірелген кезде шынымен қауіпті бола бастайды деп санайды. Сондай-ақ, соңғы кездесуде NHL-дағы 100-ші ойынын атап өткен команданың жұлдызды қақпашысы Андрей Василевскийге де үлкен үміт артылып отыр.
Константин Пушкарев, хоккей лигасының бұрынғы ойыншысы және Parimatch компаниясының сарапшысы ретінде сенбілік ойын туралы болжамын былай жеткізді.
Мен финалды үлкен қызығушылықпен көремін. Екі команда да сапалы әрі әсерлі ойын көрсетіп жатыр. Меніңше, «Тапманың» қарқыны овертаймда баяулап қалды. «Эваланш» керісінше алған бетінен қайтар емес: айтарлықтай жақсы мүмкіндіктер жасалып, іске асырылды, көпшіліктің шабуылы өте жақсы жүріп жатыр, қорғанысы күшті. Қарсыластардың мүмкіндіктері тең деп айтуға келмейді, маған «Колорадо» ұнайды. «Тампа» үшін матч қиынға соғары белгілі, олар қонақта, бірақ амал жоқ. «Найзағайдың» сериаларды қайтарып алатын тәжірибесі бар, сондықтан мен нәтиженің олардың пайдасына қарай шешілуін де жоққа шығармаймын. Әйтеуір қызық болары анық! Константин Пушкарев, хоккей лигасының бұрынғы ойыншысы және Parimatch компаниясының сарапшысы
Parimatch-тың коэффициенттері: