Анна Данилина 27-титулын жеңіп, әлемдік рейтингтегі 20 үздіктің қатарына қосылды

Сурет: ktf.kz
Елена Рыбакинадан кейін Германияда өткен ірі турнирде тағы бір қазақстандық теннисші Анна Данилина жеңіске жетті. Ол жұптық сында Германияда өткен ITF W100 жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Данилина нидерландылық Арианне Хортономен бірге жүлде қоры қомақты турнирдің бірінші ракеткалары ретінде тіркелді. А. Данилина мен А. Хортоно финалда үндістандық Анкита Райна – нидерландылық Ван Дер Хукпен бас жүлде үшін кортқа шықты.

ҚТФ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазақстандық-нидерландылық жұп тартысты бәсекеде 6:7 (4:7), 6:4, 10:6 есебімен жеңіске жетті.

Анна жұптық сында жиырма жетінші, биылғы маусымдағы төртінші титулына қол жеткізді. Соның 26-сына Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өткізген додаларда ие болды. Оған қоса жыл басында Анна бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге Сиднейдегі WTA 250 жарысында үздік шықты.

Германия
Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді