Қазақстандық таэквондошылар Болгарияда 6 медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Болгарияның астанасында таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы жарыстан 6 жүлдемен қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшылар екі күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.

Отандық таэквондошылар арасында Айдана Сүндетбай (46 келіге дейін) мен Темірлан Тілеулес (51 келіге дейін) көзге түсіп, күміс жүлдегер атанды.

Әсет Ізғалиев (48 келіге дейін), Жавохирхон Исламов (55 келіге дейін), Әлібек Шайкенов (59 келіге дейін) және Батырхан Тілеуғали (59 келіге дейін) үшінші болды.

Алты күн бойы әлемнің 90 елінен 811 спортшы жарысқа қатысып, медаль жеңіп алуға ұмтылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды