Қазақстанның ерлер құрамасы көгалдағы хоккейден Азия кубогының «қоласын» жеңіп алды

Сурет: Twitter/asia_hockey
Қазақстан ерлер құрамасының ойыншылары Бангкок қаласында (Тайланд) өткен көгалдағы хоккейден жабық кешендегі Азия кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азия кубогының шешуші бәсеке күнінде үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Индонезиямен кездесті. Жекпе-жек 5:4 есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды.

Кездесудің үздік ойыншысы болып Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсететін Аман Елубаев танылды.

Қазақстан ерлер құрамасының жетістігін қыздар қайталай алмады. Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орын үшін өткен кездесуде Малайзия өкілдерінен 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды