Канело Кристиан Мбиллиді жеңіп, бокстан әлем чемпионы атағын қайтарып алды

Канело, Кристиан Мбилли, бокс, әлем чемпионы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2026 10:26 Сурет: Facebook/SaulCaneloAlvarez
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес франциялық Кристиан Мбиллиді жеңіп, бірінші ауыр салмақтағы WBC чемпиондық белбеуін өзіне қайтарды. Айтулы жекпе-жек 31 қазанда Эр-Риядта өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

36 жастағы Альварес 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті: 115:112, 116:111 және 117:110.

Канело үшін бұл 2025 жылдың қыркүйегінде Теренс Кроуфордтан жеңіліп, абсолютті әлем чемпионы атағынан айырылғаннан кейінгі алғашқы кездесуі болды. Бұл жолы Альварес рингке үміткер мәртебесінде шықты.

Жекпе-жектің басы тартысты өтті. Мбилли белсенді түрде шабуыл жасап, қарсыласына соққылар сериясын жаудырып, оны бұрышқа тықсыруға тырысты. Алайда Альварес дәл қарсы соққылар, сауатты қорғаныс және аяқтың жұмысының арқасында жекепе-жекті біртіндеп өз қолына алды.

Шешуші кезең жетінші раунда болды, бұл кезде мексикалық Мбиллиді есеңгіретіп тастаған апперкотты қоса алғанда, бірнеше нәтижелі комбинация жасады. Оның үстіне сегізінші раундта франциялық желкеге соққы жасағаны үшін бір ұпайынан айырылды.

Кездесудің екінші жартысында Альварес рингтегі қадамдарды сенімді түрде өз бақылауына алды. Мбилли белсенділігін айтарлықтай төмендетіп, тіпті соңғы раундтарда да жағдайды өзгерте алмады.

"Бұл керемет жағдай. Менің алғашқы титулым сияқты. Кәсіби мансабымның 20-21 жылынан кейін мен тағы да чемпион атандым", – деді Альварес.

Сондай-ақ ол өз бапкерлері Эдди мен Чепо Рейносоға, сондай-ақ жекпе-жекке қатыса алмаған отбасына алғыс білдірді.

Бұған дейін бүгін Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медаліне таласатыны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: