Балауса Мұздыман бокстан әлем чемпионы атағын жеңіп алды

Балауса Мүздыман, Алматы, бокс кеші, әлем чемпионы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2025 22:29 Сурет: Instagram/muzdi___
Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман (8-0, 6 КО) Алматыда өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Ол Үндістан өкілі Мамта Сингхпен (7-2-1, 4 КО) жұдырық түйістірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші жеңіл салмақтағы бокшылар жекпе-жегінің әр раунды 2 минуттан есептеліп, 10 минутқа созылды. Сондай-ақ, жекпе-жек титулдық сипатта болды. UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы бәске тігілді. Жекпе-жек төртінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Осылайша жерлесіміз жеңіске жетті.

Бірінші, екінші және төртінші раундтарда төреші Сингхтың нокдаун алғанын тіркеді.

Нәтижесінде Қазақстан өкілі кәсіби мансабындағы тоғызыншы жеңіске жетіп, UBO нұсқасы бойынша екінші ең жеңіл салмақта әлем чемпионы атанды, ал Мамта Сингх кәсіби рингте үшінші рет жеңіліске ұшырады.

Бұған дейін бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Аида Әбікеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: