Сауль Альварес - Эдгар Берлангтың бокс кеші: Бек Нұрмағанбет мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бек Нұрмағанбет, кәсіпқой бокс, Сауль Альварес - Эдгар Берлангтың бокс кеші, Лас-Вегас , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2024 09:30 Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (11-0, 9 КО) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен Сауль "Канело" Альварес - Эдгар Берлангтың бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бек Нұрмағанбет америкалық боксшы Джошуа Конлимен (17-6-1, 11 КО) бүгін түнде қолғап түйістірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бастапқыда супер орта салмақтағы бұл жекпе-жек алты раундтан тұрады деп жоспарланған. Алайда ол екінші раундта мерзімінен бұрын ақталды. Осылайша Қазақстан боксшысы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Бұл - Бек Нұрмағанбеттің кәсіби мансабындағы 12-ші жеңісі, ал Джошуа Конли кәсіби рингте жетінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетсек, Нұрмағанбеттің бұл - АҚШ-тағы төртінші жекпе-жегі және Лас-Вегастағы екінші жекпе-жегі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: