Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Гран-при кезеңінің үздік бестігіне енді

Софья Самоделкина, Канада, Гран-при кезеңі, үздік бестік, мәнерлеп сырғанау , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2026 12:48 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Келоуна қаласында (Канада) өтіп жатқан Гран-при сериясының екінші кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз төрешілердің шешімімен 71,84 ұпай еншілеп, әзірге бесінші орында тұр.

Жарыста жапониялық Мао Симада 82,11 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында америкалық Изабо Левито (78,50), ал үздік үштікті эстониялық Нина Петрыкина (77,24) түйіндеді.

Спортшылар еркін бағдарламаны Астана уақытымен 2 қарашаға қараған түні орындайды.

Бұған дейін бүгін Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медаліне таласатыны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: