Багаудин Беков - спорт пен салауатты өмір салтының бейнесі. Оның жетістіктері көлемімен ғана емес, сонымен қатар алуан түрлілігімен де таң қалдырады. Өзіңіз қарап көріңізші: пауэрлифтинг және жатып сығымдап көтерілуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокс, ауыр атлетика және кір тасын көтеру спорт түрінен КСРО-ның спорт шеберіне кандидаты, тау туризмі және жеңіл атлетика бойынша 1-разряды, альпинизм бойынша 2-разряды бар.
Сурет: Parimatch
Бековтың өмірінде бокстың орны ерекше. Ол Ислам Қанаттың бұрынғы жаттықтырушысы, қазақстандық кәсіпқой боксшы және Олимпиада ойындарының жүлдегері ретінде танымал. Багаудин рингтегі ең қызықты оқиғаларды үнемі бақылап отырады, оның ішінде Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің сенсациялық шайқасы да кіреді.
Кәсіби бокс саласындағы мамандармен сөйлесе отырып, мен бұл жекпе-жектің болжамдары туралы пікірлердің қаншалықты екі жақты болып отырғанын байқадым. Бір ғана жағдай барлығына ортақ болып отыр, ол : тең қарсыластармен кездескенде, әр маман таразыны қай боксшыны мықты деп санаса, сол жақтың пайдасына шешеді. Менің болжамым да осы қатардан тыс болады деп ойламаймын, бірақ соған қарамастан өз болжамымды Геннадий Головкиннің пайдасына беремін.
Бековтың пікірінше, Альварестің салмақ категориялары бойынша тұрақсыздығы физика тұрғысынан артықшылық емес, кемшілік болып табылады. Дене кенеттен өзгерістер мен шектеулерден тозады. Головкин, өз кезегінде, бір салмақта тұрақты жұмыс істейді және өзінің күнделікті өміріне жеңіл түзетулер енгізеді, бұл оған жаттығулардағы ауыр жүктемелерге төтеп беруге және дене дайындығын тез қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Техника мен тактикаға келетін болсақ, қарсыластар арасында түбегейлі айырмашылықтар бар. Мұндағы ең бастысы - әр боксшы өзінің жетістіктерін қалай да шебер қолдана алуында болып тұр.
Екі боксшы да панчерлер. Бокстың айтылмайтын ережелеріне сәйкес, кез-келген панчердің шайқасты күтпеген уақытта аяқтап тастайтын нақты соққы жасау мүмкінкіндігі бар. Сауль Альварес көп жағдайда контр-панчер, Геннадий - негізінен шабуылдаушы панчер. Әдеттегі тактикасын өзгертуге тырысса, ол оны шайқастағы жеңілісіне әкеліп соғатыны әбден мүмкін. Мұны Головкиннің сериядағы екінші шайқасынан байқауға болады, ол қақтығысты шабуылға жауап қайтарумен өткізді. Бұл оның өз техникасынан тайғаны болып көрінді. Нәтижесінде, дәл соққылар саны бойынша Головкиннің басымдығына қарамастан, жеңіс Альвареске берілді. Менің ойымша, аталған шайқастағы жіберілген қателікке Головкиннің сол кездегі жаңа бапкері Джонатан Бэнк айыпты.
Беков жаттықтырушы ретінде жекпе-жектің дамуы мен қарсыластардың мінез-құлқының ықтимал нәтижесін бағалады.
Қарсыластар бұл жолы бар күштерін салып, соңғы ақтық деміне дейін жалғасатын шайқас көрсетуі тиіс. Головкин не істейді? Бокстың негізгі ережесін қолдануы тиіс: ең бастысы - жылдамдық. Ол әуесқой боксы бола отырып, қарсыластарын қарсы соққылармен, әсіресе оң қолымен мықты және дәл жасайтын, осы қаруды қалай қолданғанын еске түсірсе абзал болар еді. Мұны қашан жасау керек? Әрқашан, әсіресе жекпе-жектің бірінші жартысында. Альварес контр шабуылдарында лақтырмалы күшті соққылар жасайды. Геннадий не істейді немесе не істеуі керек? Ол Альваресті жауапқа шақырып, жалған шабуыл жасағандай болып алдап, бірден оң жақтан соққы беруі керек. Содан кейін жекпе-жекті сол соққымен немесе үстінен тағы да соққылар сериясымен нокаут етіп аяқтауға болар еді.
Багаудин болса, әрине, Қазақстан чемпионы үшін жанкүйер болады және көптен күткен оқиғаны асыға күтуде.
Қазақстанның барлық патриоттарымен бірге мен де батырымызға зор жеңіс тілеймін!