Мен әлі чемпионмын! Головкин спорттық мансабымен қош айтысуға әлі асықпайды

Сурет: Facebook/Gennadiy Golovkin
Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Саул "Канело" Альвареспен кездесуінен кейін спорттық мансабымен қош айтысуға әлі асықпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 қыркүйекте Геннадий Головкин мен Сауль Альварес трилогиясына нүкте қойылды. Мексикалық боксшы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.

Жекпе-жектен кейін Головкин спорттық мансабымен қош айтысуға әлі асықпайтынын мәлімдеді.

Алға қойған үлкен жоспарларым бар. Көздеп жүрген көптеген қарсыласым да бар. Әрине, "Канелоны" құттықтаймын, бокстың барлық жанкүйерлерін құттықтаймын. Жігіттер, естеріңізде болар, менде орта салмақтағы үш белбеу бар! Мен рингке қайтып келемін! Жігіттер, мен әлі чемпионмын! Геннадий Головкин

Киім ауыстыратын бөлмеде отырған боксшы қазақстандықтарға үндеу жолдады. Ол өз отандастарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Головкин Геннадий

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды