Павлодарлық студент Румынияда тоғызқұмалақтан күміс медаль еншіледі

Сурет: primeminister.kz
Ерасыл Әутәліпов - Павлодар педагогикалық университеті өнер және спорт жоғары мектебінің студенті.  Ол тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионатында бірінші орын алып, Әлем чемпионатына жолдама алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаттықтырушы Ерлан Айтышевтің айтуынша, жарысқа Қазақстан, Румыния, Эфиопия, Чехия, Түркия, Пәкістан және Болгария сияқты 7 елдің спортшылары қатысқан.

Ерасылдың тоғызқұмалақпен әуестеніп келе жатқанына 7 жылдай уақыт болды. Биылғы жыл ол үшін табысты болды. Шахмат үйінде білікті жаттықтырушылармен  жаттығады. Биыл спорт шебері атағын алады деп сенеміз, - деді Ерлан Айтышев.

Қазақстан Республикасының жастар чемпионатында 19 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионы атанған, сол арқылы блиц және рапидтен әлем чемпионатына жолдама жеңіп алған. Сондай-ақ сол жылы командалық есепте ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Ерасыл Әутәліпов биыл мектеп бітірген соң Павлодарға Ертіс ауданының Ертіс ауылынан көшіп келіп,  ПМПУ-ға дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша оқуға түскен. Жуырда Қарағандыда өтетін жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында  Павлодар облысының құрама командасы сапында өнер көрсетеді. 

Айта кетсек, тоғызқұмалақтан әлем кубогы Қара теңіз жағалауындағы курорттық аймақта Құрылтай фестивалі аясында өтті. Іс-шара барысында асық атудан, қазақ күресінен, садақ атудан жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ музыкалық ансамбльдер  өнер көрсетті. Құрылтайдың басты мақсаты – халық өнерін, қазақтың ұлттық ойындарын дамыту және халықаралық аренада насихаттау, халықтар бірлігі мен достығын нығайту.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды