Көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды 8:1 есебімен жеңді

Сурет: ulttyqatsport.kz
Түркияның Изник ​​қаласында өтіп жатқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бірінші жарыс күні аяқталды. Көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасын 8:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көкпардан Қазақстан құрамасының қоржынына нәтижелі "салым" түсті. Оның ішінде Құрманбек Тұрғанбек үш рет, Абылайхан Нышанбеков, Арман Жамалбеков, Ынтымақ Әліпбаев, Ислам Рат және Айнабек Бердіқұл бір-бірден салды.

Қазақ көкпаршылары арасындағы келесі текетірес Моңғолия өкілдерімен өтеді.

Дәстүрлі садақ атудан Қасымхан Қанат, Әли Сессигүзел және Азамат Нұртаев жартылай финалға шықты. Әйелдер арасындағы үздік 16 мергеннің қатарына Айым Тілепберген мен Аяулым Аппазова кірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз