Әлемдегі ең мықты әрі ең танымал футбол лигаларының бірі болып табылатын Премьер-лига аясындағы әрбір серіктестік біздің жаһандық спорттағы орнымызды ілгерілетеді, бұл – біз үшін мақтаныш. Бүгінгі таңда Parimatch бренді АПЛ-дағы көптеген клубтардың ресми серіктесі болып табылады және олардың барлығы біздің құндылықтарымыз бен жаңа биіктерді бағындыру жолындағы ұмтылысымызға ортақтас. Біз бұған алғыс айтамыз және Parimatch брендінің келесі маусымда аталған серіктестермен бірге жүзеге асыратын барлық іс-шаралары үшін қуаныштымыз, - деп Parimatch Tech бас директорының орынбасары Евгений Белоусов пікірін білдірді.
2022-23 маусым өте қызықты болары сөзсіз. Біз серіктестігімізбен мақтанамыз – бұл көптеген адамдардың жұмыла жасаған жұмысының нәтижесі. Бұл – АПЛ-дағы осындай ірі және танымал клубтармен бірге жаңа мақсаттар мен жетістіктерге жасалған маңызды қадам. Біздің қызметіміздің ауқымдылығы бізге үнемі қызықты мүмкіндіктер мен идеяларды іздеуге серпін береді. Бұл оңтайлы серіктестіктің мәні, ол сізді алға жүруге ынталандырады. Серіктестеріміздің де осы сенімдерді ұстанатындығы мен қуантады, - деп Parimatch Kazakhstan басшысы Роман Бойко өз ойымен бөлісті.
Біз биылғы маусымда қайтадан Parimatch-пен бірге жұмыс істейтінімзге қуаныштымыз, қазір біздің клуб үшін қызықты өзгерістер кезеңі. Маусым барысындағы бірқатар жарыстар арқылы жанкүйерлерімізбен жүздесуге асықпыз, - деді «Челси» клубының Коммерциялық директоры Том Глик.
"22/23 маусымда Parimatch-пен серіктестігіміз өз жалғасын табатындығына ризамыз. Біз үшін серіктестеріміздің қолдауы маңызды. Алдағы жылы бірге жететін жетістерімізді асыға күтудеміз" - деп “Астон Вилла» Коммерциялық директоры Никола Иббетсон қуанышын жасырмады.
Parimatch — онлайн-беттинг қатарындағы ең тез дамып келе жатқан бренд және біз оны кеңейіп келе жатқан серіктестеріміздің қатарында қуана қарсы алудамыз. Біз серіктестік портфолиосын жаңа салалар мен нарықтар арқылы ұлғайтып жатырмыз. Біз үшін құндылықтарымызды қолдайтын жандармен ынтымақтастық орнату маңызды. Маусым барысында Parimatch-пен серіктестік аясында өтетін шараларды асыға күтеміз, - деді Дейл Айтчисон, «Ньюкасл» Коммерциялық бөлімінің басшысы
«Лестер Ситидің» Parimatch-пен серіктестігі жаңа маусымда жалғасатындығына қуаныштымыз, алдағы уақытта серіктестігіміздің жаңа жемістерін көруге асықпыз. Бұл кезең екі тарап үшін қызықты болады деп сенеміз, келешекте тек жетістіктеріміздің куәсы болғымыз келетіні анық» - деді “Лестер Сити” Коммерциялық директоры Дэн Барнетт.
Келісімшарттар ынтымақтастықтың әртүрлі бағытын қамтиды. «Астон Вилламен» және «Ньюкаслмен» арадағы серіктестік медиа құқықтарына бағытталған болса, «Лестер» және «Челси» клубтарымен арадағы ынтымақтастық офлайн және цифрлық құқықтарды, билеттер мен қонақжайлылыққа, клуб өнімдеріне, клуб активтеріне қол жеткізу мүмкіндіктерін және т.б. қамтиды.