PRO HOCKEY LEGACY 2022 маусымының матчтарына сарапшы болжамы

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының маусымы жанкүйерлерді қызық матчтармен қуантуды жалғастырып жатыр. Parimatch сарапшысы Константин Пушкарев алдағы кездесулерге болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Торпедо" – "Снежные Барсы"

"Торпедо" осы маусымда өзін жақсы көретіп келеді. 10 матчта олар негізгі уақытта тек 5 жеңіліске ұшырады. "Снежные Барсы" қарсыластарына қарағандағы айырмашылығы - 10 матчтың біреуінде ғана жеңіске жетті. "Снежные Барсы"-дың құрамында шеберлікті қажет ететін жас жігіттер ойнайды, ал " Торпедода " болса, салыстырмалы түрде тәжірибелі құрам бар. Командаға егде жастағы спортшылар, хоккей ардагерлері келді. Александр Шин оралды, ал Андрей Янков қақпа шебінде керемет ойнады.

"Снежные Барсы"-дың жаттықтырушысы Александр Истомин - команданың қорғаныс ойынын құра алатын білікті маман. Бірақ жас ойыншылардың әрқашан тәуекелдері бар екенін ұмытпауымыз керек. Атап айтқанда психологиялық тұрақсыздық. Егер ойын алғашқы минуттардан бастап келеңсіздіктерден басталса, онда "Снежные Барсы" ойыншыларына ойын икемін өзгерту өте қиынға соғады. "Торпедо" өз алаңында ойнайды, сондықтан бұл жағдай аз болса да, артықшылық деп есептеуге болады. Өздеріңіз білетіндей, өз алаңындағы мұз бен жергілікті жанкүйерлер ойынға жақсы әсер береді.

Сарапшы екі кездесуде де Өскемен командасы жеңіске жететініне сенімді. Бірақ "Снежные Барсы"-дың құрамында жеңіске деген үміттері қайнап тұрған жастар ойнайтынын естен шығармау керек.

Болжам: сөзсіз де түсінікті фаворит - "Торпедо".

Parimatch коэффициенттері:

Ж1 – 1.33, Х – 5.30, Ж2 – 6.50

"Ертіс" – "Арлан"

Бұл кездесулерде жағдай ұқсас болып отыр. "Ертістің" құрамы негізінен жастардан тұрады, бірақ шабуылдаушылардың бірінші үштігі ұпай жинап, қарсыласына қолайсыздық тудыруы мүмкін екенін бірнеше рет көрсетті. Матч нәтижелерін шеше алатын егде жастағы спортшылар командаға оралды. Жақында Стас Петросян клубтың қарамағына келді және жалпы команда мұзда жақсы дайындықта көрінетін сияқты.

"Арлан" чемпионатта ең көп гол соққан команда. Бөрілер 10 матчтан кейін үшінші орында жайғасқан, қоржынына 7 жеңіс жинаған. Өскемендік команда тәжірибесі мен жақсы ойыншыларымен мақтана алады. Алайда, Константин Пушкаревтің пікірінше, жас хоккейшілер соңғы екі жылдың финалистеріне тойтарыс бере алады және өздеріне тиесілі ұпайларын тартып алу мүмкіндігі бар, бірақ ол негізгі уақытта бола қоймайды. Әрине, екі кездесудің де фавориті - "Арлан".

Болжам: "Арлан" жеңіске жетеді.

Parimatch коэффициенттері:

Ж1 – 7.00, Х – 5.90, Ж2 – 1.27

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: