Шахматтан экс-әлем чемпионы Анатолий Карпов ауруханаға түсті

Шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Анатолий Карпов 29 қазанда ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Telegram-112 арнасының хабарлауынша, Мемлекеттік Думадан шығып бара жатқан кезде белгісіз адамдар оған шабуыл жасаған.

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер Карповқа бас-мидың жабық жарақаты, сол жақ жамбас сүйегінің сынуы, сондай-ақ алкогольден қатты мас болу диагнозын қойды.

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, оның қызы София әкесінің құлап қалып жарақат алғанын, оған ешкім шабуыл жасамағанын айтқан. Қазір Анатолий Карпов Склифосовский атындағы институттың нейрореанимация бөлімінде жасанды комада жатыр.

РИА Новости агенттігі Ресей шахмат Федерациясы Карповтың соққыға жығылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Олар мұның өтірік екенін айтады.

71 жастағы Анатолий Карпов 1975-1985 жылдары шахматтан әлем чемпионы атағын иеленді. 1985 жылы ол Гарри Каспаровтан жеңіліп қалды. Сондай-ақ, Карпов - Халықаралық шахмат федерациясының нұсқасы бойынша үш дүркін әлем чемпионы (1993, 1996, 1998), КСРО құрамасының құрамында екі дүркін әлем чемпионы (1985 және 1989).

Ресей
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: