Ринат Жұмабаев шахматтан Азия чемпионы атанды

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі
Қазақстанның қос шахматшысы Азия чемпионатында алтын мен күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрлықтық чемпионат 25 қазан мен 4 қараша аралығында Үндістанда (Дели) өтіп жатыр.

Ринат Жұмабаев жылдам және блиц шахмат бойынша Азия чемпионы атанды, ал Арыстанбек Оразаев күміс медальға ие болды.

Әйелдер арасындағы блиц шахмат турнирінде тағы бір отандасымыз - Ксения Балабаева үздік ондыққа ілінді, ол 7-орынға табан тіреді.

Классикалық шахматтан бас турнирде үздік бестікке тағы бір отандасымыз - Лия Құрманғалиева ілінді. Айта кетсек, Италияда өткен Әлем чемпионатында (20 жасқа дейін) Лия соңғы турда чемпион Говхар Бейдуллаеваны жеңіп, 6-орынға ие болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз