Ұлттық ұлан сарбазы ММА-дан Азия чемпионатында күміс медаль еншіледі

Сурет: ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Ұлттық ұланның №5451 әскери бөлімінің әскери қызметшісі - ефрейтор Белгібай Әділбек Душанбеде өткен аралас жекпе-жектен Азия чемпионатының (ММА) күміс медалінің иегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

70,3 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте әскери отандасымыз тәжік спортшысы Масуд Одинаевтан жеңіліп қалып, екінші орын алды.

Жалпы нәтиже бойынша, Қазақстанның қоржынында жеті алтын, сегіз күміс және 10 қола медаль бар.

Аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты (ММА) Тәжікстан астанасы Душанбеде 27-30 қазан аралығында өтті. Құрлықтық біріншілікке 18 елден 200-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан атынан ММА бойынша ұлттық құраманың 37 мүшесі додаға түсті. Жартылай финалға шығу үшін 20 спортшымыз бақ сынаса, олардың 13-і жекпе-жекті жеңіспен сәтті аяқтады.

Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды