Бокстан АЧ-2022: Тағы үш отандасымыз алғашқы айналымда жеңіске жетті

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Бүгіндері Амманда (Иордания) бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында жарыстың алғашқы айналымында үш қазақстандық жеңіске жетіп, жанкүйерлерді қуантты, деп хабарлайды Zakon.kz.

48 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Санжар Ташкенбай өзбекстандық Асылбек Жалиловпен кездесті. Төрешілер берген 5:0 ұпайымен Санжар жеңімпаз деп танылды.

Осылай 19 жастағы жастар арасындағы әлем және Азия чемпионы осы жарыстағы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы есепті теңестірді. Алдында Санатәлі Төлтаев өзбек боксшысына жол беріп қойған еді.

67 келіге дейінгі 1/8 финалда Дулат Бекбауов түрікменстандық Сапармырат Одаевпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек отандасымыздың пайдасына шешілді. Есеп: 5:0.

Осылайша Бекбауов турнирдің ширек финалына шықты. Алда ол қырғыз боксшысы Жакшылык Талайбековпен кездеседі. Ширек финал жекпе-жегі 6 қарашада өтеді.

Асланбек Шымбергеновтың 1/8 финалдағы қарсыласы филиппиндік Пианар Маржонды бірінші раундта-ақ 3:2 есебімен жеңіп, екіншісінде қарсыласын әуелі нокдаунға, кейін нокаутқа түсірді.

Енді жартылай финалға шығу үшін Асланбек тай боксшысы Фирапхат Есунноенді жеңген үндістандық боксшы Сачинмен жұдырықтасатын болады.

Қорыта келгенде, 2022 жылғы Азия чемпионатында жеті отандық боксшының алтауы дода қалып, бақтарын сынауды жалғастырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі